Ең биікте орналасқан магистраль
<p style="text-align: justify;"><strong>Қытай көлік министрлігінің ха­бар­лауынша, Нагчу қаласы мен Тибет ав­то­номды ауданының астанасы Лхасаны жалғайтын әлемдегі ең биік автокөлік жолы пайдалануға берілді. Өткен сенбіде Нагчу мен Янгбажаин арасындағы 227 шақырымдық соңғы учаске </strong><strong>ашылып, автобан толықтай іске қосылды.</strong></p>

Орташа биіктігі 4500 метрден асатын, 295 шақырымға созылатын Нагчу-Лхаса автокөлік жолы – Пекин мен Лхасаны байланыстыратын экспресс жол бөлігі. Сондай-ақ Лхаса мен Тибеттің солтүстігін байланыстыратын бірінші магистраль.
Осылайша, Лхаса мен Нагчу қаласы арасындағы жолды жүріп өту уақыты алты сағаттан үш сағатқа дейін қысқарды. Министрлік өкілдерінің айтуынша, Тибетті Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясымен байланыстыратын жолдың мүмкіндіктері мол. Сонымен қатар қауіпсіздік деңгейі де жоғары.