Әлем
1 мин оқу 184

БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады

<p style="text-align: justify;">БҰҰ бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик таратқан мәлімет бойынша, жексенбі күні БҰҰ өзінің 120 қызметкері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерін Ауғанстаннан Қазақстанға эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Бұл туралы ТАСС агенттігі мәлімдеді.

«БҰҰ 22 тамыз күні Ауғанстанның астанасынан 120 адамды Алматыға жеткізді, бұл соңғы аптадағы осындай екінші әуе рейсі. Жолаушылар қатарында БҰҰ қызметкерлері мен Ауғанстандағы БҰҰ-ның әріптестері саналатын бірнеше үкіметтік емес ұйым мүшелері бар», делінген хабарламада.

Өткен аптада БҰҰ-ның жүзге жуық қызметкері Кабулдан Алматыға қашықтан жұмыс істеуді жалғастыру үшін жеткізілді. «Талибан» радикалды қозғалысының шешуші шабуылының алдында Ауғанстандағы БҰҰ-ның түрлі миссиясында жергілікті халық арасынан 3 мың адам және 700-ден астам шетелдік жұмыс істеген.

«Талибан» радикалды қозғалысының жауынгерлері 15 тамыз күні шайқассыз Кабулға кіріп, бірнеше сағаттың ішінде ауған астанасында толық билігін орнатты.

Бөлісу:
БҰҰ Ауғанстаннан 120 қызметкерін эвакуациялады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар