Әлем
1 мин оқу 300

Аустралияда коронавирус өршіп барады

<p style="text-align: justify;">Соңғы күндері Аустралияда коронавирус жұқтырған 914 адам тіркелді. Бұл індет басталғаннан бері статистикадағы ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бұл туралы Reuters агенттігі мәлімдеді.

Алдыңғы рекорд 894 болған. Ол бір күн бұрын тіркелген. Аустралияның үкімет басшысы Скотт Моррисонның мәлімдеуінше, халықтың ересек бөлігінің 70%-ы вакцина алмайынша коронавирусқа байланысты карантин шаралары қолданыста болады.

Worldometer деректері бойынша, Аустралияда 44 034 COVID-19 жұқтыру оқиғасы тіркелген, қайтыс болғандар саны – 981.

Аустралия астанасы Канберрада 13 айдың ішінде тіркелген бірінші коронавирус жұқтыру жағдайы анықталғаннан кейін екі апталық карантин енгізілген.

Бөлісу:
Аустралияда коронавирус өршіп барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар