Оқиға
1 мин оқу 362

Қапшағайда қараусыз қалған үй өртеніп кетті

<p>Қапшағай қаласы Степная көшесіндегі қараусыз қалған үй өртенді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қапшағайда қараусыз қалған үй өртеніп кетті

Тілсіз жау 22 тамыз күні кешкі уақытта болған.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құраған. 

«Өрт сағат 23.50-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», деп хабарлайды Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар көршілес ғимараттың пластикалық терезелері мен жақын жерде тұрған көлік жалыннан зақымданған.

Өрттің себебі анықталуда.

Бөлісу: