Әлем
1 мин оқу 160

Мексикада «Грейс» дауылынан сегіз адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Грейс&raquo; дауылының салдарынан Мексиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, сел болды. Электр қуаты үзіліп, су тасыды, кем дегенде сегіз адам қайтыс болды. Бұл туралы <a href="https://www.bbc.com/news/world-latin-america-58295511">ВВС</a> хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Дауылдан Веракрус штаты қатты зардап шекті. Сенбі күні таңертең дауыл жағаға жақындап, ағаштарды тамырымен жұлып әкетті. 

1

Штат астанасы Халапада көптеген көше лай өзеніне айналды. Кейіннен «Грейс» тропикалық дауылға ұласып, ішке қарай жылжи бастады. 

2

Дауыл Мехико қаласынан солтүстікке қарай жылжығанда қатты жел мен жауын-шашын су тасқынына әкелді.

3

«Грейс» Мексиканың жағалауына жеткенде 200 км/сағ жылдамдықпен соққан. Штат үкіметі өкілдерінің айтуынша, қаза болған сегіз адамның алтауы бір отбасының мүшесі.

4

Веракрус жағалауындағы Теколутла қаласының тұрғындары дауылдың жойқын болғанын айтты.

Бөлісу: