Еліміздегі азық-түлік қоры қанша айға жетеді?
<p style="text-align: justify;">ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлік тауарларының 32 түрі бойынша апта сайынғы мониторинг нәтижесін жариялады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Өңірлердің жедел деректері бойынша ағымдағы жылдың 20 тамызында республика бойынша жалпы көлемі 819 мың тонна түрлі азық-түлік тауарының қоры бар. Оның ішінде өндіруші кәсіпорындарда – 301 мың тонна, қоймаларда – 86,6 мың тонна, сауда желілерінде – 374 мың тонна, тұрақтандыру қорларында – 18,3 мың тонна.
Бұдан басқа, 495,7 млн дана жұмыртқа қоры бар.
Көрсетілген азық-түлік өнім түрлеріне байланысты бір айдан алты айға дейінгі мерзімге жеткілікті.
«Азық-түлік тауарларының өндірісі артып, қор үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Сондықтан олар бойынша тапшылық жоқ және ұзақ мерзімге жеткілікті тұрақты қор бар», деп жазады министрлік.