Оқиға
1 мин оқу 150
Шекарадан 50 келі күміс алып өтпек болған азамат ұсталды
<p style="text-align: justify;">Қазақ-қырғыз шекарасында контрабандалық жүк тасымалдаған азамат ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
21 тамызда шекарашылар «Қарасу» автомобиль өткізу пунктінде (Жамбыл облысы) «Mercedes-Benz» маркалы автомобиль салонын тексеру барысында отырғыштың астынан полиэтилен пакеттерге оралған күміс бұйымдар жасырылған құпия орынды анықтады. Брикеттердің жалпы салмағы – 50 келі 516 грамм. Бұйымдардың алдын ала бағалау құны 16 млн теңгені құрады.
Аталған факт СДТБТ-да тіркелді. Ұсталған азамат және контрабандалық жүк одан әрі процессуалдық іс-әрекеттер жүргізу үшін Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жөнелтілді.
Шекара қызметі контрабандалық жүк тасымалдау арналарын жабу бойынша қарқынды іс-шараларды жалғастыруда.
Бөлісу: