Оқиға
1 мин оқу 2,290

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жол апатынан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 22 тамызда сағат 18:50-де «Атырау-Орал» тас жолында болған.

«Екі облыстың аралығындағы жолдың 93-шақырымда, Көктоғай ауылынан 25 шақырымда ВАЗ-2105 жеңіл көлігі және КамАЗ-53215 маркалы жүк көлігі соқтығысты. Индер ауданынан келе жатқан жеңіл көліктің 31 жастағы жүргізушісі жолда жүру ережесін сақтамаған. Соның салдарынан 1958 жылғы жүргізуші басқарған қарсы бағытта – Атырау қаласына қарай жүріп бара жатқан ауыр жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апатынан «ВАЗ-2105» көлігінің жүргізушісі мен 1954, 1978 жылғы екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар