Қазақстан
1 мин оқу 180

Нұр-Сұлтан - Лондон әуе рейсі қайта жанданды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 18 қыркүйегінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан Хитроу халықаралық әуежайына тікелей рейстер басталады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Эйр Астана» ұлттық әуе тасымалдаушысы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұшақтар Ұлыбританияға аптасына екі рет сәрсенбі мен сенбі күндері ұшады. Нұр-Сұлтан - Лондон рейсінің ұзақтығы 7 сағат 15 минут, ал кері бағытта - 6 сағат 30 минут.

Рейстер A321LR ұзақ қашықтықтағы әуе лайнерінде орындалады. Негізгі эконом-класс тарифі барлық салықтарды қосқанда екі бағыт бойынша 284 535 теңгеден басталады.

«Ұлыбританияға баратын жолаушыларда вакцинация мәртебесі мен азаматтығына қарамастан, коронавирус инфекциясына ПТР-тесті теріс болуы керек. ПТР сынағы ұшудан үш күн бұрын жүргізілуі тиіс. Жолаушылар Ұлыбритания талаптарын қатаң сақтауға міндетті»,  деп хабарлады әуе тасымалдаушысы.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан - Лондон әуе рейсі қайта жанданды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар