Оқиға
1 мин оқу 421

Алматыда тауда құлаған турист құтқарылды

<p>Алматыда құтқарушылар туристті тау шыңынан эвакуациялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматыда тауда құлаған турист құтқарылды

22 тамызда ROSO басқару блогына Титов шыңына көтерілу кезінде бір адам шамамен 25 метр биіктіктен құлағандығы туралы хабарлама келген. Жәбірленуші туысынан көмек сұрап SMS хабарлама жіберіп үлгерген. Оқиға орнына 8 адамнан тұратын ROSO жедел тобы, оның ішінде кинологиялық экипаж аттанған.

Титов шыңына жету уақыты шамамен 4 сағат болғандықтан, құтқарушылар уақытты үнемдеу үшін Қазавиаспастан көмек сұрауға шешім қабылдаған.

1

Табылған жәбірленушінің аяғы, қолы мен басы жарақаттанып, жаураған.

ROSO құтқарушылары туристі жылы киіммен орап, Тұйықсу ауданындағы апат салдарын емдейтін медицина орталығына көлікпен жеткізді.

Бөлісу:
Алматыда тауда құлаған турист құтқарылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар