Жаңалықтар
1 мин оқу 293

Еліміздің оңтүстігінде аяз 30 градусқа дейін барады

22 01 - Ayaz

Елімізде құбылмалы ауа райы әзірге сақталады. Республиканың бірқатар аймақтарында қар жауып, бұрқасындатады, жел ұйытқып, көктайғақ және тұман болады. Бұл туралы Total.kz хабарлады.

Синоптиктердің болжамынша, солтүстік аймақтарда, Астанада күн райы 28-31 градусқа дейін суытады. Сондай-ақ осындай аяз жақын күндері еліміздің оңтүстігінде де орын алмақ.

Республиканың барлық аймақтарында өкпек жел мен көктайғақ болады деп күтілуде. Ұйытқи соққан желдің жылдамдығы сағатына 20-25 метрге дейін баруы мүмкін. Бұрқасын Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында болады деп болжануда. Ақтөбе облысында боранды желдің күшеюі 15-20 м/с болса, Батыс Қазақстан облысында тұман мен көктайғақ болып, желдің ұйытқуы 20 м/с-ға дейін барады деп күтілуде. Атырау облысында күшті жел 15 м/с-ға дейін болмақ. Ал Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ қатар болады деп есептелсе, Қызылорда облысында ауаның температурасы 27-30 градусқа дейін төмендейтіні айтылып отыр.

Әбдірахман Қыдырбек.

Дереккөз: Total.kz

Фото: Piter.tv

Бөлісу:
Еліміздің оңтүстігінде аяз 30 градусқа дейін барады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар