Аймақтар
8 мин оқу 240

Міндеттер маңыздылығымен ерекшеленеді

Қарағанды облысындағы білім беру саласының алдында оқытудың сапасын арттыру және штаттық оқытуға қайта оралу сынды маңызды міндеттер тұр. Негізінде, пандемия салдарынан туындаған қиыншылықтарға қарамастан, аталған жүйені жетілдіруге айрықша көңіл бөлініп келеді.

Міндеттер маңыздылығымен ерекшеленеді

Мысалы, биыл білім беру саласына 182 млрд теңге бөлінген. Бұл облыстың жалпы бюджетінің 40%-ын құрайды. Бұл туралы онлайн режімде өткен тамыз мәслихатында Қарағанды облыстық білім басқармасының басшысы Гүлсім Қожахметова мәлімдеді.

8 мектеп салынып жатыр

Қазіргі таңда Қарағанды, Жезқазған, Саран қалаларында, Жаңаарқа және Шет аудандарында төрт мектеп және төрт жапсарлас қосымша құрылыс, Жез­қазған мен Сәтбаев қалаларында екі балабақша, сондай-ақ Сәтбаевта оқу­­шылар сарайының құрылысы жүр­гізілуде. Облыс басшылығының мәлім­де­уінше, жыл соңына дейін сегіз нысанды іске қосу жоспарланған. Бұдан бөлек, алдымыздағы 1 қыркүйекте облыс орталығында жаңа оқушылар сарайы айқара есік ашады.

Жаңа оқу жылына қарай 164 білім беру нысанында жөндеу жұмыстарының жүр­гізілгенін айта кеткен ләзім. Балалар­дың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бо­йынша үлкен жұмыс атқарылды: барлық оқу орнында дабыл түймелері мен да­уыс­тық ескерту жүйелері орнатылған. Мек­тептердің жартысынан көбі турникеттермен жабдықталған, сондай-ақ ол жерлерде арнайы күзет кезекшілік етеді. Қаңтар айынанбастап барлық бейнебақылау жүйесін жаңарту басталады. Ал балабақшаларда ата-аналар мектепке дейінгі тәрбие сапасын бағалайтын жаңа үлгі енгізілмекші.

Колледждердің әлеуеті күшейтіледі

Биыл Қарағанды облысының кол­ледж­де­рінде 10 жаңа мамандық ашы­ла­ды. Айта кететін бір жайт, «Микро­элек­троника және мобильді құ­­рыл­ғылар» және «Ақпараттық қа­уіп­сіздік» мамандықтары бойынша даярлық Қарағанды облысында ғана жүргізіледі.Есесіне, сұранысы төмен мамандықтар саны қысқарады. Интеграцияланған мо­дуль­дік білім беру бағдарламаларын ен­гізу арқылы студенттер бірден-бір мамандықтың орнына бірнеше білік­тілік алады. Колледждерде еңбек на­ры­ғын талдауға негізделген SKILLS-ID бағдарламасы енгізіле бастады.

Облыстың бас мұғалімі дуалды оқы­ту­ды дамыту бойынша жұмыстардың жалғасатынын айтады. Мысалы, қазірдің өзінде 360 кәсіпорынмен ынтымақтастық орнатылған.

Сонымен қатар ол биыл түлектердің қорытынды аттестаттауы алғаш рет WorldSkills стандарттарын ескере отырып, кадр­ларды даярлау сапасын бағалаудың жаңа құралыдемонстрациялық емтиханды қолдану арқылы өткізілгенін атап өтті. Аталған форматтағы емтихандардан 13 колледж базасында 630 студент өткен. SkillsPassport алған түлектер жас ма­мандардың мәліметтер базасына ен­гі­зілді, оған қызметкерлерді іздеу және іріктеу үшін жетекші кәсіпорындардың жұмыс берушілері қол жеткізе алады.

Өңір колледждері халықаралық компаниялармен де ынтымақтастық орнатқан. Ресейлік «Татнефть» компаниясымен бірлесіп Саран көпсалалы колледжінің базасында «Шиналар өндірісі» жаңа мамандығы«Покрышкаларды құрас­ты­ру­шы-қалыптаушы», «Автокамералық агрегат машинисі», «Престеуші-вулка­ни­за­торшы», «Техник-технолог» біліктілігі б­ойынша құрылады.

Инклюзивті білімізгілікті қадам

Қарағанды облысында ерекше бала­ларға қажетті жағдай жасаған мектептер саны жыл сайын артып келеді. Мысалы, олардың қатары өткен оқу жылында 343-тен 370-ке дейін өсті. Жалпы, өңірде инклю­зивті білім берумен қамту 73%-дықұ­райды.

Г.Қожахметова психо­­ло­­гиялық-педа­го­гикалық сүйе­мелдеу қызметіне пе­дагог-ассис­тент­тер­дің 59 штаттық бірлігі енгізілгенін атап өтті. Аутистік спектрдің және ментальдық, мінез-құлықтық ауытқулары бар бала­лар­дың саны үнемі өсіп келе жатқаны ескеріліп, соңғы екі жылда облыстың 8 мек­тебінде инклюзия­ны қолдау кабинет­тері ашылған.

Биыл мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 207 педагог қолданбалы мінез-құлық талдауы бойынша оқудан өтеді. Бұл қосымша 500-ден аса баланы білім беру қызметтерімен қамтуға мүмкіндік береді. Жалпы, инклюзивті тәжірибе бойынша оқытудан өткен пе­да­гогтердің үлесі 32%-дан 60%-ға дейін өскен.

Қыркүйек айынан бастап Теміртауда 60 орындық оңалту орталығы жұмыс істей бастайды. Бұдан бөлек жыл соңына дейін облыс орталығында тағы бір психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес және Қарағанды мен Сәтбаев қалаларында екі түзету кабинетін ашу жоспарланған.

Ал облыс басшылығы жаңа оқу жылында балабақшалармен бөбекжайларды, үйірмелер мен секцияларды қолжетімді ету, инклюзивті оқытуды дамыту сынды міндеттерді қойып отыр.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Міндеттер маңыздылығымен ерекшеленеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар