Қазақстан
1 мин оқу 464

Резиденцияда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ақорда&raquo; резиденциясы ғимаратының шатыры жоспарлы жөндеуден өтіп жатыр. Жұмыстар мамыр айында басталса, қыркүйекте аяқталады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының баспасөз қызметі.</p>

Резиденцияда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Жаз бойы тарихи ғимараттың эсте­ти­калық келбетін бұзбау үшін нысан­ның сыртына құрылыс саты­лары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жұмсақ технология таңдалды.

Жұмысшылар мен қажетті материалдарды шатырға кедергісіз кө­теру үшін, жағалау жағындағы қа­быр­ғаның декоративті ернеуі алынып, құрылыс платформасы орнатылды. Жөндеу жұмыстары аяқталған соң декоративті элемент өз орнына қай­та бекітіледі. Қазір ернеу сақтау қой­масында тұр.

«Ақорда» резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Биыл алғаш рет бірегей ғимараттың шатырына жөндеу жұмыстары жүр­гі­зілуде. 

Президент резиденциясына, сондай-ақ, Үкімет үйі, Министрліктер үйі, Қаржы министрлігінің ғимараты тәріз­ді ең ірі әкімшілік кешендеріне техни­калық қызметтерді Қазақстан Респуб­ликасы ПІБ «Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимарат­тары дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мем­лекеттік кәсіпорны көрсе-
теді.

Бөлісу:
Резиденцияда жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар