Спорт
1 мин оқу 310

Спорт саңлағына көлік сыйлады

<p style="text-align: justify;">Биыл Токио Олимпиадасының қола медалін еншілеген дзюдошы Елдос Сме&shy;товті әулиеата&shy;лық жерлестері ыс&shy;тық ықы&shy;ласпен қарсы алды. Сондай-ақ Жам&shy;был облысының әкімі Бердібек Сапар&shy;&shy;баев спорт шеберін қа&shy;был&shy;дап, құрмет көрсетті.</p>

Спорт саңлағына көлік сыйлады

Кездесуде әкім спорт­шының же­тіс­­тік­терін жоғары бағалап, ол тек Жамбыл облы­сының ғана емес, елі­міздің намысын абыройлы қорғап, мерейін тасытып жүргенін айрықша атап өтті. «Жамбыл жерінен шыққан спорт саңлақтары аз емес. Солардың бірі Елдос Сметов деп білеміз. Сенің жетістігің, спорттағы табыстарың – бүгінгі жас буынға үлгі-өнеге. Сен өзің­нің мықты спортшы екеніңді тағы да дәлелдей түстің. Барша жан­күйер­лердің үмітін ақтадың», деді ол.

Сонымен қатар Бердібек Сапар­баев жамбылдықтардың атынан Елдос Сме­товке жаңа автокөліктің кілтін тапсырып, алдағы уақытта да ел спор­тын дамыту жо­лындағы елеулі еңбегіне сәттілік тіледі. Ал спортшының жат­­тықтырушысы Ғалым­жан Жыл­гел­диевке 1 миллион тең­генің сертификатын табыс етті. Кез­десу соңында Елдос Сметов өзіне құрмет көрсеткен облыс бас­шылығына және жер­лестеріне алғы­сын жеткізді.

Жамбыл облысы

Бөлісу: