Кино
1 мин оқу 230

Қазақстандықтар «Киллер кодексі» фильміне түсті

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның Nomad Stunts каскадерлері әйгілі америкалық актер Сэмюэл Л.Джексонмен бірге &laquo;Киллер кодексі&raquo; фильміне түсті.</p>

Қазақстандықтар «Киллер кодексі» фильміне түсті

Айта кетейік, Голливудтың «Кил­лер кодексі» фильмі әлемдік прокатқа шыққан болатын. Онда басты рөл­дерді Сэмюэл Лерой Джексон, Мэгги Кью және Майкл Китон ойнайды. Соны­мен қатар фильмді түсіру жұмы­сына Nomad Stunts тобындағы қазақ­стан­дық каскадерлер де қатысқан.

«Жобада, жалпы Nomad Stunts то­бының 10 каскадері өнер көрсетті. Айта кетерлігі, каскадерлер экшнге ғана жұмылдырылмай, қиын эпизодтарда басты кейіпкерлер рөлін сомдады. Сондай-ақ эпизодтық сахналарға актер ретінде де қатысты», дейді топ мүшелері.

Қазақстандық актерлер бан­дит­тердің, босқындар мен оққағар­лар­дың, шекарашылар мен бейбіт тұр­ғындардың рөлінде ойнады. Туынды режиссері «Рояль казиносы», «Зор­ра маскасы», «Жатжұрттық» сынды фильм­дермен жұмыс істеген Мартин Кэмпбелл болды. Түсірілім жұмыстары Румынияда өтті.

Бөлісу:
Қазақстандықтар «Киллер кодексі» фильміне түсті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар