Тәуелсіздік
1 мин оқу 232

Астанадан Қостанайға аттанды

<p style="text-align: justify;">Биыл ұлы ағартушының туғанына 180 жыл болды, соған орай кеше &laquo;Ыбырайдың ізімен&raquo; велошеруінің Нұр-Сұлтан &minus; Қостанай бағытын бетке алған қатысушылары бас қаладағы Ыбырай Алтынсарин көшесінің бойында ұстазға орнатылған тақтатас жанынан аттанды.</p>

Астанадан Қостанайға аттанды

Бұл веломарафон Тәуелсіз­дігіміздің отыз жылдығы мен Ыбырай атамыздың айтулы мерейтойына арналды.

Велотоп бес адамнан тұрады. Олардың бәрі де әуесқой велошабандоздар. Мамандықтары да әртүрлі: мұғалім, журналист, зейнеткер. Игілікті жобаның бас­тамашысы – Ернат Мелсұлы, ағылшын тілінің маманы және «Хабар 24» телеарнасындағы ше­тел хабарларының шолушысы. Бұған дейін ол 2018 жылы 500 шақырымдық «Астана – Ақтоғай», 2019 жылы 208 ша­қы­рымдық «Қарағанды – Жаңа­арқа», 2020 жылы Абай атамыздың 175 жылдығына арнап 1088 шақырымға созылған «Нұр-Сұлтан – Жидебай» велошеруін ұйымдастырған.

Мазмұнды сапарға қатысу­шылар Ыбырай атамыздың өне­­гелі өмірі мен бай мұрасын на­сихаттауға атсалысу, сонымен қа­тар, жұртшылық арасында са­ла­матты өмір салтын ұстану және табиғатты аялауға үндеуді мақсат тұтқан.

Веломарафонның ұзақтығы −750 шақырым, бір бағытқа, яғни «Нұр-Сұлтан − Қостанайға» ғана жасайды, сапар алты күнге созылады деп жобаланған.

Бөлісу:
Астанадан Қостанайға аттанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар