Қазақстан
1 мин оқу 981

Еліміздің 9 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

<p style="text-align: justify;">Республиканың тоғыз өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://www.kazhydromet.kz/ru/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Қазгидрометке</a> сілтеме жасап.</p>

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, 25 тамызда Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы мен шығысында 15-20 м/с жел соғады.

Ақтөбе облысында 37 градус қатты ыстық күтіледі, төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз 36 градус ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Шығыстан соққан жел, күн күркіреген кезде екпіні 15-20 м/с. күндіз басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталығында, оңтүстігінде және батысында төтенше өрт қаупі ескертіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық болады.

25 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Шығыс жел күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, күндіз 25 тамызда 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бөлісу: