TOKYO2020
1 мин оқу 570
Токиода Паралимпиада ойындары басталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін, 24 тамызда Токиода Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Жарысқа 25 қазақстандық қатысады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Токиода дәстүрлі Олимпиада алауын беру эстафетасы өтті. Ашылу салтанатының тақырыбы ретінде «Біздің қанатымыз бар» ұраны таңдалды. Одан кейін Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына орай шеру өтті, оған 5 мың атлет қатысты.
«Паралимпиадада Қазақстан атынан спорттың жеті түрінен 25 спортшы бақ сынайды. Паратхэквондодан екі дүркін әлем чемпионы, Азияның үш дүркін чемпионы Нұрлан Домбаев пен пауэрлифтингтен өткен Паралимпиада-2016 күміс жүлдегері Раушан Қойшыбаева ту ұстаушылар атанды», делінген хабарламада.
Бөлісу: