Қола дәуіріне тиесілі ескерткіштер
<p style="text-align: justify;">Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің ғалымдары Шығыс Қа­зақ­стан облы­­сының Абай ауданына қарасты Тоқтамыс ауылы маңынан осыдан 4 мың жыл бұрынғы ескерткіштерді тапты. Қазба жұмыстарын жүр­гізу ке­зінде топырақ астындағы тас қабыр­ға­­лардан жылқы мен аңдардың суреттері шыққан.</p>

Отандық ғалымдар көне құрылыстың ішінен табылған адам мен жануарлардың сүйектерін жапондық әріптестерімен бірлесе зерттей келе, ескерткіш осыдан 3 856 жыл бұрын тұрғызылған деп отыр.
ЕҰУ археология және этнология кафедрасының меңгерушісі Ұлан Үмітқалиев:
– Тоқтамыс ауылындағы қазба жұмыстар жеті жыл бұрын басталған, соңғы екі жылдан бері зерттеліп келеді. Ерте қола дәуіріне тиесілі бұл ескерткіштердің құрылысына, біздің пайымдауымызша, 10 мың тонна тас пайдаланылған, – дейді.
«Егемен-ақпарат»