Оқиға
1 мин оқу 330

Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

<p style="text-align: justify;">Белградта, Сербия сарайында&nbsp;Қазақстан Елшісі Мәди Атамқұлов Сербияның Президенті Александр Вучичке сенім грамоталарын салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Сыртқы істер министрлігіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/246713?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.&nbsp;</p>

Екі жақты кездесу барысында Сербия Президенті қазақстандық дипломатты қызметке тағайындалуымен құттықтап, екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтті.

Президент Александр Вучич Белград пен Нұр-Сұлтан арасындағы дәстүрлі достық байланыстарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді. Мәди Атамқұлов өз кезегінде Қазақстан мен Сербия арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып өтті.

Қос тарап саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары әлеуетін іске асыру қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді. Бұл ретте ағымдағы жылы жоспарланған іс-шаралар екі маңызды оқиға – Қазақстан мен Сербия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 25-жылдығы және Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы аясында өтеді.

Кездесуді қорытындылай келе, Александр Вучич Елшіге табысты және жемісті жұмыс тілеп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ізгі тілектерін жолдады.

Бөлісу:
Қазақстан Елшісі Сербия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар