Аймақтар
1 мин оқу 554

Шекара бөліміне Елбасы есімі берілді

<p>Қазақстан үкіметі 2021 жылғы 18 тамызда Алматы облысындағы Баянкөл шекара бөліміне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара бөлімі деп қайта атау беру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекеме - Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Баянкөл» шекара бөлімі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі - Райымбек ауданы бойынша Шекара басқармасының «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы шекара бөлімі» деп қайта аталсын, делінген құжатта.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Бөлісу:
Шекара бөліміне Елбасы есімі берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар