Оқиға
1 мин оқу 210

Шымкенттегі этноауылдан өрт шықты

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шымкент қаласындағы этноауылда өрт шықты. Бұл туралы ТЖМ реси өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«26 тамызда түнгі сағат 00.49-да «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданындағы Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.

Этноауылда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан. Өрт сөндіру бөлімдері шақыртуға 7 минутта келген. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбесі жанғандығын анықтады», делінген хабарламада.

Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да толығымен сөндірілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген.

Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге Шымкент қалалық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу: