Қоғам
1 мин оқу 382

Балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлаған күдікті ұсталды

<p style="text-align: justify;">Рудныйда балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деген күдікті ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қостанай полициясы 1978 жылы туған ер адамды ұстады. Ол балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлады деген күдікке ілінген. Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Психологтар зардап шегушімен жұмыс істеуде. Нәтижесінде басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері ашылған жоқ», делінген Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы хабарламасында.

Бұл мәселе Басқарманың бақылауында.

Бөлісу:
Балалар үйінің тәрбиеленушісін зорлаған күдікті ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар