Алматыда бір тәулікте 10 мыңнан аса адам вакцина салдырды
<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында бір тәулікте 10 682 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«25 тамыз күні 10 682 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 3 468, II компонентін 7 219 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 25 тамызы аралығында қалада 849 987 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 701 114 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 110 236 адамның жасы 60-тан асқан», деп хабарлады басқармадан.
Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылған.
«Қазір медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.