Аймақтар
1 мин оқу 773

Ақтөбеде жоғалған 6 жасар қыз табылды

<p style="text-align: justify;">Тургенев көшесіндегі үйде тұратын 6 жасар қыз үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Дереу полиция қызметкерлері мен &laquo;Zello Poisk&raquo; еріктілері жоғалып кеткен қызды іздестіру бойынша іс-шараларды бастаған&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақтөбеде жоғалған 6 жасар қыз табылды

Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полиция қызметкерлері жоғалған қызды тапты, ол «ЮРТА ПАРК» отбасылық демалыс саябағында болған. Белгілі болғандай, күндіз қыз ата-анасының жоқтығын пайдаланып, үйден шығып, автобуспен саябаққа жетіп, күні бойы сонда болған.

Табылған бала ата-анасына тапсырылды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті ата-аналардан бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауды, балалармен профилактикалық әңгімелер жүргізуді және өз балаларының орналасқан жерін бақылауды сұрайды.

Бөлісу: