Әл-Фарабидің шығармашылығы туралы кітап жарық көрді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері «Thembekile Mandela Foundation» қорының президенті Ндилека Мандела ханыммен кездесу ұйымдастырды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Нельсон Манделаның немересі ҚР Тұңғыш Президенті Қорының шақыртуымен елге ресми сапармен келді.
Кездесуге Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «Қазақстан-ОАР» Халықаралық Қорының басшылығы, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері мен Нұр-Султан қаласы әкімдігінің өкілдері шақырылды.
Кездесу барысында Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен келісімді нығайту жөніндегі бастамалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі және оны одан әрі дамыту, этносаралық қатынастар саласындағы өзекті ғылыми зерттеулер мен ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ, кездесуге 2021 жылы ОАР-дағы Қазақстан елшілігі шығарған көрнекті ойшыл Әбу-Насыр Әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы «Treatise on the need to strive for an excellent state» кітабының тұсаукесері өтті және Нұр-Сұлтан қаласынындағы Достық үйінің қызметімен таныстыру ұйымдастырылды.