Қазақстан
1 мин оқу 400

Қазақстан мен Швейцария арасындағы байланыс дамып келеді

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары &ndash; Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанға ресми сапарымен келген Швейцария Конфедерациясы Федералдық Жиналысы Ұлттық Кеңесінің Төрағасы Андреас Эбимен кездесті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Тараптар COVID-19 пандемиясына қарамастан, Қазақстан мен Швейцария екіжақты күн тәртібінің барлық спектрі бойынша белсенді өзара іс-қимылды жалғастырып жатқанына қанағаттанатынын атап өтті. Мамыр айының соңында Мемлекет басшыларының  бейнеконференция форматындағы келіссөздері, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Швейцарияға ресми сапары жоспарланған.

Кездесуде Швейцария өкілетті бизнес-делегациясының 2021 жылғы мамырдағы Қазақстанға сапарының қорытындысы мен Іскерлік Кеңестің қызметі талқыланды.

Екіжақты ынтымақтастықты нығайтуда парламент дипломатиясының маңызды екені айтылды. Тараптар «Қазақстан – Швейцария» парламентаралық ынтымақтастық тобы аясында екі ел парламентшілерінің белсенді өзара іс-қимылын құптады.

Қазір Швейцария Қазақстан экономикасының көлемі бойынша үшінші инвесторы. Онда швейцариялық капиталдың қатысуымен 400-ден астам компания жұмыс істейді.

Бөлісу: