Аймақтар
1 мин оқу 146

Алинаның абат ісі

<p style="text-align: justify;">Қоғамдық өмірдің қайнаған ортасында өзінің жарқын идея, ұтқыр бастамасымен көзге түсіп жүрген жастар аз емес. Солардың қатарына академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Алина Чумышеваны да сенімді түрде қосуға болады.</p>

Алинаның абат ісі

Аталған білім ордасының 4-курс студенті «Шеврон» ком­паниясы мен Назарбаев Уни­верситеті ұйымдастырған университеттер аумағын абаттандыру байқауында 700 мың теңге мөлшеріндегі грантты жеңіп алған болатын.

Болашақ эколог Алина Чу­мышева грант қаражатын «Біз­дің орын» деп аталған жобаға салды. Емен, шетен, шырша және жабайы жүзім сынды жасыл желекке малынған жай­лы демалыс аумағында  ағаш­тан жасалған жаппа, жаяу жүр­гіншілерге арналған тас тө­семдер бар.

Университет басшылығы бол­са, Алинаның ғылыми ­тұр­ғы­дағы қызығу­шылы­ғының арқасында енді студенттер мен оқытушылардың сабақтар, ғылыми зерттеулер мен демалыс уақытын өткізуге арналған тағы бір жай­лы да өте қажетті алаңның  пай­да болғанын мақ­танышпен айтады.

Қарағанды облысы

Бөлісу: