Аймақтар
2 мин оқу 460

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

<p style="text-align: justify;">Өкінішке қарай, Жетісуда мал ұрлығы тыйылмай тұр. Тыйылмақ түгілі, жұрт шаруаға айналған жиын-терін уақытында барымтаның бұл түрі асқынып кетті деуге әбден болады. Тәртіп сақшылары қылмыстың ізін кесіп, суық қолды ұрыларды жедел ұстауға тырысқанымен, одан шығатын нәтиже аз.</p>

Мал ұрлығы мазаны алып тұр

Мысалы, жақында Ақсу ауданының полиция бөліміне 55 жастағы Егінсу ауылының тұрғыны құны 300 мың теңге тұратын 5 бас ұсақ малын белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Жедел уәкілдер жүргізген іздестіру шаралары барысында сол ауылдың 50 жастағы тұрғыны қылмысты жасады деген күдікке ілінген. Тергеу барысында ұры кінәсін мойындаған.

– Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы­на сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүр­гі­зілуде. Бұлтартпас айғақтардан кейін күдікті қылмысын то­лығымен мойындады. Күдіктінің осыған ұқсас өзге де қыл­мыс­тарға қатысы бары тексерілуде, – дейді Ақсу аудандық полиция басқармасының басшысы, полиция подполковнигі Дәурен Сакенов.

Сондай-ақ Алакөл ауданы полиция басқармасының кезекші бөліміне Қабанбай батыр ауылының тұрғыны бір бас ұсақ малын жайылымнан белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы жазбаша арыз түсірген екен.

– Жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, соның нәтижесінде аталған қылмысты жасады деген күдікпен жәбірленушінің 40 жас­тағы ауылдасы анықталып, ұсталды. Аталған дерек бо­йын­ша Қылмыстық кодекстің 188-1-бабына сәйкес сотқа де­йінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің осыған ұқ­сас өзге де қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – дей­ді Ала­көл ауданының бас полицейі, подполковник Қуат Оспа­нов.

Айтпақшы, жыл басынан бері Жамбыл ауданында да мал ұрлығы бойынша 49 дерек тіркелген екен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұрланған 243 бас малдың 43 басы заңды иелеріне қайтарылған. Ал мал ұрлығына қатысты бұрын жасалған тағы 9 қылмыс ашылыпты.

Бөлісу:
Мал ұрлығы мазаны алып тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар