Аймақтар
1 мин оқу 2,120

Жамбыл облысындағы жарылыс: 6 адам ауыр жағдайда жатыр

<p style="text-align: left;">Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккен 28 науқас ауруханада жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«27 тамыз күнгі сағат 8.00-дегі жағдай бойынша, ауруханаларда 28 науқас бар, оның алтауы ауыр халде», делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланғаны анықталды.

Бұған дейін Жамбыл облысында әскери қойма жарылысынан зардап шеккендер саны 66-ға жеткені хабарланған болатын.
Бөлісу:
Жамбыл облысындағы жарылыс: 6 адам ауыр жағдайда жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар