Жарылыс туралы тың мәліметтер табылды - ТЖМ
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">ҚР Төтенше жағайлар министрлігі Жамбыл облысының Королевка кентіндегі әскери қоймада болған жарылыс туралы тың мәліметтер ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, төтенше оқиға кезінде жалпы ауданы 697 шаршы метр болатын қойма ғимаратын жалын шарпыған. «Жарықшақтардың ұшу радиусы 2 шақырымға дейін жетті.
Қазіргі мәлімет бойынша, қоймада 500 тоннадан астам тротил сақталған. Тағы бір мәлімет бойынша ауруханаға 90-ға жуық адам түскен. Оның 49-ы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері», деп жазылған ресми деректе.
Айта кетейік, 26 тамыз күні сағат 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.
Соңғы ресми деректер бойынша, Жамбыл облысындағы жарылыстан 4 әскери қызметші қаза тапқан.