Михаил Кукушкин US Open турнирі іріктеу сайысының финалына шықты
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Қазақстандық, әлемнің 129-ракеткасы Михаил Кукушкин US Open турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Іріктеу сайыстарының 13-ракеткасы болып тіркелген М.Кукушкин жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 168-сатыда тұрған тайбэйлік Джейсон Джангпен шеберлік байқасады.
Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:4, 6:3 есебімен екі сетте ұтты. 1 сағат 26 минутқа созылған матч барысында М.Кукушкин 2 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Тайбэйлік спортшы 1 эйспен ғана шектелді.
М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 150-ракеткасы, франциялық Антуан Оанмен күш сынасады. Оны жеңсе, негізгі турнирге жолдама алады. Қазақстанның бірінші, әлемнің 37-ракеткасы Александр Бублик 30 тамызда басталатын негізгі жарыста өнер көрсетеді.
Оның қарсыласы – рейтингте 134-сатыдағы германиялық Янник Ханфманн.