Игорь Рогов Президент жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрамына енгізілді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Игорь Рогов Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия құрамына енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
Мемлекет басшысының Жарлығымен «Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы №1042 Жарлығына өзгерістер енгізілді.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары, комиссияның төрағасы (келісім бойынша) Игорь Рогов жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Адам құқықтары жөніндегi комиссияның құрамына енгізілді.
Аталған комиссияның құрамынан Қ.С.Мусин шығарылды.