Парламент
1 мин оқу 352

Нұрлан Әбдіров Кешірім жасау жөніндегі комиссия құрамына кірді

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия құрамына кірді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарлық Ақорда сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, Нұрлан Әбдіров комиссия құрамынан шыққан Игорь Роговты алмастырған.

«Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына енгізілсін: Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, төраға (келісім бойынша)», делінген жарлықта.

Айта кетейік, бүгін Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары қызметін атқаратын Игорь Роговты Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамына енгізу туралы Президент жарлығы жарияланған болатын.
Бөлісу: