Аймақтар
1 мин оқу 960

Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 13 адамға жетті

<p style="text-align: justify;">Бүгін Жамбыл облысындағы төтенше жағдай орнында тағы бір адамның денесі табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жамбыл облысындағы өрттерді жою кезінде ҚР ТЖМ-нің 50-ге жуық қызметкері зардап шеккен болатын.

Қаза болғандардың арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

1. Темірболатов Арнұр Серікұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы;

2. Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

3. Микропуло Александр Николаевич - жедел кезекші – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4. Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қ. 1-МӨСБ аға-өрт сөндіруші-құтқарушысы;

5. Айманов Мейіржан Какпосынұлы. Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары.

Үш адамның денелері белгісіз болып қалады. Жоғалған үш адамды іздеу жалғасуда.

Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 13 адамға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар