Аймақтар
1 мин оқу 391

Маңғыстауда «Каспий-Антитеррор-2021» оқу-жаттығуы өтеді

<p style="text-align: justify;">ТМД мемлекеттері арасында&nbsp;&laquo;Каспий-Антитеррор-2021&raquo; бірлескен антитеррористік оқу-жаттығуын іске асыру басталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне <a href="https://www.gov.kz/memleket/entities/knb/press/news/details/247598?lang=ru" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Іс-шараның мақсаты - ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылды пысықтау, сондай-ақ ТМД елдерінің құзыретті органдарын теңіз инфрақұрылымы мен мұнай-газ саласы объектілерінде туындайтын террористік актілердің жолын кесу үшін практикалық іс-қимылдарға дайындау.

«Оқу-жаттығудың күштік кезеңі теңіз көлігі объектілеріндегі терактілік қатерлерді бейтараптандырудың практикалық дағдыларын пысықтаумен Маңғыстау облысындағы Ақтау қаласының теңіз портының аумағы мен акваториясында өтеді», деп түсіндірді ҰҚК баспасөз қызметі.

Оқу-жаттығуда жарылыстарды елестету мен оқсыз ату жүзеге асырылады.

Бөлісу: