Аймақтар
1 мин оқу 220
Батыс Қазақстанда трактор аударылып, екі адам көз жұмды
<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан облысында трактор аударылып, ересек пен 8 жасар бала кайтыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 26 тамыз күні Бөкей ордасы ауданында орын алды.
Шамамен сағат 10.30-да аудан орталығы Сайқын ауылында трактор аударылды. Соның салдарынан 1994 жылғы ер адам мен 2013 жылғы қыз бала көз жұмды.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Бөлісу: