Аймақтар
1 мин оқу 562

Павлодар тұрғынының ауласында қарасора табылды

<p style="text-align: justify;">Өз бақшасында қарасора өсірген Павлодар қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;<a href="https://polisia.kz/ru/pavlodarets-v-ogorode-vyrashhival-konoplyu/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>

«Карасора» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Павлодар қаласындағы саяжай учаскесіндегі бау-бақшалардың бірінде 53 жастағы тұрғыннан 27 түп қарасора алынды.

«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген зат салмағы 5 кг құраған  «марихуана» есірткі құралы болып шықты», деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Қуат Түсіпбеков.

Полиция күдіктінің бұрын бопсалау үшін сотталғанын атап өтті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу: