Елордада вакцинацияланғандар арасында кезекті ұтыс ойыны өтті
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> қала әкімдігінің ресми сайтына <a href="https://astana.gov.kz/ru/news/news/28630" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>
Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың сегізінші ұтыс ойыны 28 тамызда сағат 17:00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі беттерінде тікелей эфирде өтті.
8-ші ұтыс ойынына 21 тамыз бен 27 тамыз аралығында вакцинацияланғандар қатысты. Вакциналанғандар арасында бағалы жүлделердің ұтыс ойындары апта сайын өткізіледі. Бұл ұтыс ойындарына вакцинациялаудың барлық пункттері қатысады: медициналық мекемелерде де, СОО/ТД-да да. Ұтыс ойынына қатысу автоматты түрде жүргізіледі.

Бұрын вакцинацияланғандардың арасында соңғы үлгідегі 17 iPhone, 5 тоңазытқыш, 3 теледидар, 2 планшет, 4 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 DVR, кір жуғыш машина, «Алиса» ақылды динамиктері мен ылғалдандырғыш ойнатылды.
Ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін Birge платформасында арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол жүлде иелерін вакцинацияланған ID генерациясымен таңдайды.
