Спорт
1 мин оқу 415

Баршаға арналған спорт

<p style="text-align: justify;">Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ұлттық Дельфий комитетімен бірлесіп, жастар арасында бұқаралық спорт пен дене шынықтыруды насихаттау және дамыту мақсатында ерекше бастаманы қолға алды.</p>

Баршаға арналған спорт

Fitness Park KZ жобасын іске асыру шеңберінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Солтүстік Қазақстан мен Алматы облыстарында жаппай онлайн және офлайн жаттығулар өткізді. Жоба аясында Fitness park KZ бұқаралық спортты дамыту бағдарламасы мен әдіс­темесі әзірленді. Спортпен шұғыл­дану үшін онлайн режімде 10 түрлі шеберлік бейне-жазба ұсынылған.

Осы арқылы қатысу­шы­­­лар аэробика, плиметрика, кар­дио, функ­ционалдық, күштік және жауын­гер­лік спорт түрлері бойынша жат­тығу­лар кешенін меңгеріп, күнде­лікті негіз­де спортпен айналысуға мүмкіндік алады.

Жыл соңына дейін еліміздің барлық өңі­рінде бұқаралық спорттық іс-шара өт­кізу жоспарланған. Жастар арасын­да бұқаралық спорт пен дене шынық­тыруды насихаттау жөніндегі іс-шара­лар келесі жылы да іске асырылады.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу: