Елена Рыбакина US Open екінші раундына өтті
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық спортшы Елена Рыбакина US Open екінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/elena-ryibakina-uverenno-proshla-vo-vtoroy-raund-us-open" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Рыбакина Белоруссия өкілі Александра Сосновичті 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
Жекпе-жектің 1 сағат 17 минутында WTA рейтингінің 20-шы нөмірі, 22 жастағы Елена 10 эйс пен үш брейк жасады.
Бұрын Елена Рыбакина әлемдік жіктеуде 90-шы орынды иеленген 27 жастағы Александрамен кездесу өткізбеген болатын.
Айта кетсек, Рыбакинаның турнирдегі келесі қарсыласы британдық Хэрриет Дартты 6:7(6), 6:4, 6:2 есебімен жеңген француз Каролин Гарсия болмақ.