Әлем
1 мин оқу 150

Еуроодақ 6 елдің туристерін кіргізбеуге кеңес берді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Еуроодақ АҚШ, Израиль, Косово, Ливан, Черногория және Солтүстік Македониядан келген туристерді елге кіргізбеуге кеңес берді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Одақ бұл елдерде Дельта штамынан соңғы апталарда індет қайта өршігені үшін осындай кеңес берген.

Аталған елдерде COVID-19-ға қарсы егілмеген тұрғындардың вирус жұқтыруы артқан. Осыған байланысты осы елдерден келген туристерге ПТР-тест тапсыртқызып, карантинге жатқызу сияқты шараларды қалпына келтіру ұсынылған.

«Ал АҚШ Еуроодақ тұрғындарының емін-еркін кіруіне тыйым салды. Бірақ бұл елдің Ауруды бақылау және алдын алу орталығы болса туристер үшін ең қауіпті 4-дәрежелі елдер қатарына Швейцария мен Пуэрто-Риконы жатқызған. Яғни қос елге тек толықтай вакциналанған азаматтарға ғана саяхаттауға кеңес беріледі», деп хабарлады «Хабар 24».

Бөлісу: