Аймақтар
1 мин оқу 293

Полицейлер орман өртінің алдын алды

<p style="text-align: justify;">Риддер полицейлері орман өртінің алдын алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://polisia.kz/ru/politsejskie-predotvratili-lesnoj-pozhar-v-riddere/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Polisia.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>

Риддерде 30-дан астам үй өртенген қорқынышты оқиғадан кейін бірнеше ай өтті.

Сол алқапқа жақын жерді патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері орман жақтан түтінді байқады. Белгілі болғандай, екі жергілікті тұрғын мас күйінде от жаққан.

От жалыны шырша мен қарағайдың бұтақтарына жетсе, оттың ұшқындары жапырақтары мен шөптеріне тисе, өрт шығуы мүмкін еді.

«Орман өртінің пайда болу қаупін полицейлер өз күштерімен жойды, ал ішімдік ішкен және от жаққан адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Бөлісу:
Полицейлер орман өртінің алдын алды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар