Аймақтар
1 мин оқу 1,320

14 жастағы оқушыны масқаралаған 4 жігіт ұсталды

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында 14 жасар оқушыны зорлады деген күдікпен 4 жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

4 күдіктінің үшеуі 17 жаста, тағы біреуінің жасы 18-де. Қазіргі уақытта олар қамауда отыр.

Аталмыш оқиға Текелі қаласында орын алған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растады.

«10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста, ал қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамауға алынды», деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Бөлісу:
14 жастағы оқушыны масқаралаған 4 жігіт ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар