Қазақстан
1 мин оқу 223

Ауыл тұрғындарының 92%-ы сумен қамтамасыз етіледі

<p style="text-align: justify;">Қазір елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне азаматтардың 94,1%-ы, оның ішінде қалаларда - 97,5%, ауылдарда - 90,1%-ы қол жеткізген,&nbsp;&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз - 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%. Атап айтқанда қалаларда - 98%, ауылдарда – 91,8%.

2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр. Ол үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді.

Бөлісу: