Президент
1 мин оқу 720

Президент Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын ертең сағат 11:00-де тікелей эфирде жариялайды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ертең, 1 қыркүйекте, сағат 11:00-де ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялайды. Жолдау еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындайды. Іс-шара барлық республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілетін болады», делінген жазбада.

Бөлісу:
Президент Жолдауы тікелей эфирде көрсетіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар