Коронавирус
1 мин оқу 163

Елордада 400 мыңнан астам адам вакцина салдырды

<p style="text-align: justify;">Елордада 401 мыңға жуық азамат вакцинаның алғашқы компонентін алды. 330 мыңнан астам адам толық иммундаудан өтті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;қала әкімдігінің ресми <a href="https://astana.gov.kz/ru/news/news/28655" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сайтына</a> сілтеме жасап.</p>

«Бізде вакцинация бойынша өте белсенді қарқын байқалады. Қала тұрғындарының басым бөлігі вакцинациядан өтті. Бұл көрсеткіш мамыр айының басынан бастап қазіргі күнге дейін артып келеді», деп атап өтті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

Қазіргі уақытта елордада вакциналардың үш түрі ресейлік «Спутник», қазақстандық «QazVac» және қытайлық Sinopharm компаниясының «Vero Cell» вакцинасы бар.

Бөлісу:
Елордада 400 мыңнан астам адам вакцина салдырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар