Қазақстан
1 мин оқу 180

WhatsApp қоңырауларының ақылы болатыны рас па?

<p style="text-align: justify;">Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өз министрлігінің қызметіне қатысты бірнеше қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мен жұмысқа бара жатқанда осындай «жаңалықтардың» шағын тізімін жасадым», деп жазды Мусин өзінің Instagram парақшасында.

Министр министрліктің жоспарында әлеуметтік желілерді бұғаттау жоқ екенін айтты. Оның жазуынша, бұл мәселе өткен жылы талқыланған, бірақ биыл тағы да көтеріліп отыр.

«Интернет арқылы хабарласу тарифтері қоңырауға теңестірілмейді. Министрлік WhatsApp-тағы қоңыраулар мен хабарламалар үшін ақы ала алмайды және алмайды», деп жазды министр.

Бөлісу: