Аймақтар
1 мин оқу 181

Алматы полициясы мәлімдеме жасады

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерде жыл басынан бері балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының 45,1%-ға өскені айтылады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Балалардың жол көлік жарақатын алуының бірнеше себебі анықталды. Біз орта мектептермен шектесетін жол желісіне зерттеу жүргіздік. Нәтижесінде сондай жерлерге жасанды кедергілер қою арқылы жол-көлік оқиғасы салдарын жеңілдетуге болатынын көрдік. Енді аумақтардағы 120 мектептің жанындағы жолдарға сондай жасанды кедергілер қою керек. Барлық мектептің және назар аударуды қажет ететін мекенжайлардың тізімі шара қабылдау үшін аудан әкімдеріне жіберілді», дейді Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Бөлісу:
Алматы полициясы мәлімдеме жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар