Қазақстан
1 мин оқу 400

Экс-министр Нұрлан Ермекбаев Президенттен кешірім сұрады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Президенті &ndash; Жоғарғы Бас Қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесу өткізді, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Экс-министр Нұрлан Ермекбаев Президенттен кешірім сұрады

Ұжымға Мұрат Бектановты таныстырған Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа министрдің білімі мен тәжірибесі Қарулы Күштерге жүктелетін міндеттерді орындауға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы оқ-дәрі сақтайтын барлық қоймаларда және басқа да қару-жарақ сақтайтын жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде түбегейлі шешім қабылдауды, елді мекендерден алыс жерде оқ-дәрі сақтайтын замануи қоймалар салу жұмыстарын жылдамдатуды тапсырды.

Жиын барысында отставкаға кеткен бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаев сөз сөйлеп, Президенттен, Жамбыл облысының Байзақ ауданында болған қайғылы оқиғадан қаза тапқандардың ағайын-туысынан және зардап шеккендерден кешірім сұрады.

Бөлісу:
Экс-министр Нұрлан Ермекбаев Президенттен кешірім сұрады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар